USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Кәсіпкерлікті қолдау орталығы жұмысын бастады

Кәсіпкерлікті қолдау орталығы жұмысын бастады

ШҚО Зайсан ауданында шағын бизнеске серпін беру үшін кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау орталығының» қолдауымен ашылған орталықта екі маман жұмыс істемек. Олардың өз қызметтерін тыңғылықты атқаруына барлық жағдай жасалған.

Аталған орталықтың мақсаты - кәсіпкерлікті жаңадан бастайтын адамдарға жүйелі көмек көрсету, қажетті құжаттарын дайындап, арнайы есепшоттарын ашу және бухгалтерлік есеп жүргізу.

Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Алмас Оңдақанов өзінің ізгі тілегін білдіріп, кәсіпкерлік орталық арқылы Зайсан өңіріндегі жұртшылықтың қалаған кәсібін ашу үшін қажетті ақпараттар алуына, талап-тілегін қанағаттандыруға мол мүмкіндіктер жасалып отырғанын айтса, шараға арнайы қатысқан С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың оқытушысы, ғылым докторы Ғ.Қойшынова, кәсіпкер М.Мықиянова, халыққа қызмет көрсету орталығы аудандық филиалының басшысы Н.Дүтбаев құттық-тауларын жеткізді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: кәсіпкерлік
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде