USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қоғам қайраткерлеріне арналып ас берілді

Қоғам қайраткерлеріне арналып ас берілді

Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облыстық мешітте бұрынғы кеңестік партия басшыларының рухтарына бағышталып дастарқан жайылып, ас берілді. Онда ШҚО әкімі сөз алып, аймағымызға танымал болған қоғам қайраткерлерін еске алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Бүгін біз еске алып отырған азаматтар облысымыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына сүбелі үлестерін қосқан еңбек ерлері, білікті басшылар болатын. Олардың есімдері ұрпақтар жадында мәңгі сақталмақ, - деді аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев.

Бұдан соң Шығыс Қазақстан облыстық мешіттің бас имамы Нұрлан қажы Асанов марқұмдар рухына арнап құран бағыштады. Ардагерлер өздерінің естеліктерімен бөлісті. Жиында Ізғұтты Айтықовтың, Әйткеш Ибраевтың, Рафик Нұртазиннің, өзге де бірқатар соғыс және еңбек ерлерінің есімдері аталды.

ШҚО әкімі асты ұйымдастырған облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Фрунзе Жақсылықовқа өз алғысын білдіріп, иығына шапан жапты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: мешіт
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде