USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ескі құбырлар жаңаланып жатыр

Ескі құбырлар жаңаланып жатыр

Үржарда ескі су құбырларын жаңалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазір «Казсельбурводстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бір кездері өздері бастап, аяқтамай кеткен бұл жұмысты қайта қолға алды. Бүгінгі күні олар құдықтардың ішін тазалап, оның сыртын қомдап көтеріп, бетондап, кейбірінің бетін қалың темір қақпақтармен алмастыруда.

- Жалпы, бұл жұмыс екі кезеңнен тұрады, - дейді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Солтанғазы Елемесов, - алдымен басты-басты Рысқұлов, Воронков, Абай, Жандосов және басқа көшелердің бойындағы құбырларға су жүргізіліп, сынақтан өткізіледі.

Серіктестіктің құрылыс шеберлері Жұмағазы Құрманов пен Мұрат Тұрлыбеков:

- Қазіргі күні өрт сөндіру гидранттарының барлығы қойылды. 38 құдықтың іші күл-қоқыстан тазартылып, арнайы «КамАЗ» автокөліктерімен сыртқа шығарылуда. Қарапайым халық қоқыстарын арнайы алаңдарға емес, үйлерінің маңайындағы құдық ішіне тастап толтырған. Ол аздай осыған дейінгі шойын қақпақтардың көбі ұрланып, металлоломға өтіп кеткен. Осындай келеңсіздіктердің салдарынан жұмыс қарқыны бәсеңдеп отыр, - дейді.

Қазір нысанда Семей қаласынан келген 16 жұмысшы еңбек етуде.

Берікхан Тайжігіт
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде