USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Өскемен ЭКСПО» көрмесі жыл сайын өтетін болды

«Өскемен ЭКСПО» көрмесі жыл сайын өтетін болды

Шығыс Қазақастан облысыныда «Өскемен ЭКСПО» көрмесін жыл сайын өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Өскемен ЭКСПО-2014» көрмесінің қорытындылары туралы баяндаған ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев айтулы шараға қатысқан әлемнің білікті ғалымдары мен Нобель сыйлығының лауреаттарының пікірлеріне сүйеніп, халықаралық жиынның жоғары деңгейде өткізілгеніне тоқталды. Соның арқасында бұл ауқымды көрме өңірімізде 2017 жылға дейін әр жыл сайын ұйымдастырылатын болады.

Оның айтуынша, көрмеде VII Астана экономикалық форумының өкілдерімен келісімдер жасалған. Келісімге сәйкес олар біздің жобаларды насихаттауда, қаржыландыруда тиісті қолдау білдіретін болады. Сол сияқты ШҚО әкімдігі «ЭКСПО-2017» көрмесінің ұйымдастырушыларымен туризм саласында ынтымақтастық орнату жөнінде келісім әзірлеуде. 2017 жылы Астанада болатын басты көрмеде облыстың жобаларын көрсету бойынша да біраз жұмыстар атқарылып жатыр.

Өз кезегінде «Өскемен ЭКСПО-2014» шарасын өткізуге атсалысқан және демеушілік көрсеткендерге шынайы алғыс айтқан ШҚО әкімі Бердібек Сапарабев: - Ең алдымен «Қазцинк» компаниясына рақмет, жан-жақты қолдау көрсеткені үшін. Ендігі жерде біз осы көрмеде көрсетілген жобалардың жоқ дегенде екі-үшеуін биыл қолданысқа енгізуіміз керек. Сонда ғана атқарылған жұмыстың нәтижесі болғаны. Бұған қоса келешекте мұндай көрмелерге оқушылардың да қатысуын қамтамасыз еткен дұрыс. Бүгінде біздің облыстың оқушылары жақсы жобаларды ұсынып жүр, - деп атап өтті.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: expo-2017
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде