USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Мал дәрігерлер қатары қандастармен толықты

Мал дәрігерлер қатары қандастармен толықты

Өскемен іргесіндегі Шығыс ауылының жұмыссыз жүрген жастары БҰҰ-ның Даму бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің екі айлық курсында оқып, мал өңдеуші-оператор мамандығын меңгеріп қайтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сәуір айында оқуларын бастап, мамыр бойы іс-тәжірибеден өткен олардың 13-іне мал дәрігерінің куәлігі табыс етілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Шығыс ауылындағы үйлестірушісі Асқар Мұратбектің айтуынша, қазір аталған курсты тәмамдаған жас мамандардың төртеуі жұмыс тауып үлгеріпті. Айталық, Рақат Ақай деген азамат куәлігі қолына тиген бойда Үржар ауданынан шақырту алса, Кенжехан Құбылайұлы Катонқарағай ауданы, Бекет ауылындағы «Бейімхан» жеке шаруа қожалығына мал дәрігер болып қызметке барыпты. Ал Кенжебек Қажықан, Кенжебек Қамыза деген азаматтар Ұлан ауданының Алмасай, Айыртау ауылдарында жұмыс істеп жүр.

Жас мамандардың оқуына қолдау көрсеткен ұйымның өкілдері қалған мамандардың да жұмыс табуына көмектесетіндерін айтады.

Мұратхан Кенжеханұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: мал дәрігері
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде