USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қазақстан әнұранын бұқаралық орындау шарасына 1000-нан астам адам қатысты

Қазақстан әнұранын бұқаралық орындау шарасына 1000-нан астам адам қатысты

4-маусым, Қазақстан республикасының рәміздері күнін Өскемен тұрғындары әнұранды орындау рәсімінен бастады. Мемлекеттік әнұранды бұқаралық орындау шарасына 1000-нан астам адам қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскерилер, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпорын жұмысшылары, оқушылар, мұғалімдер, тұрғындардың түрлі категориялары жанарлары жайнап тұрып, қолдарын төсіне қойып, асқан патриоттықпен әнұран орындауы еерекше рух беретіндей.

- Қазақстандай жас мемлекет үшін мемлекеттік рәміздердің маңызы ерекше. Біздің көк байрақ еркіндікті білдірсе, елтаңба - одан күрделірек, себебі ол халықтың бүгіні мен ертеңінен сыр шертіп тұр. Бұл жай ғана символ емес, елдігіміздің нышаны. Ал әнұранды қаншама халық жиналып орындағанда, жұрттың жанарынан ерекше рух байқалды, - дейді Өскеменге рәміздер күні арнайы келген қонақ, елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков. - Мені қасиетті Шығыс жеріне осындай маңызды күні шақырған Өскемен қаласы әкімдігіне алғысымды білдіремін.

Алда басқа да іс-шаралар жоспарланған. Спортшылардың рәміздер тауына шығуы, көк байрағымызды желбіретіп, қалада жүріп өтуі, жастардың «Patriot.kz» акциясы, бәрі-бәрі бүгінгі рәміздер күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: әнұран
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде