USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Алғашқы АЭС құрылысы Курчатовта салынатын болды

Алғашқы АЭС құрылысы Курчатовта салынатын болдыЕліміздегі алғашқы АЭС құрылысын жүргізуге Курчатов қаласы таңдап алынды. Бұл туралы Ұлттық ядролық орталығы ақпарат таратты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Орталық директорының айтуынша, нысанды салуға басқа емес, Курчатов қаласын таңдап алудағы басты себеп – Шығыс өңірдегі қазіргі күні туындап отыр-ған және болашақта болатын қуат көзіне тапшылық.

Естеріңізге салсақ, 2011 жылы «Росатом» басшысы Сергей Кириенко Астанаға келген сапарында Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізу туралы үкіметаралық келісім жобасын қарастырған-ды.

Биылғы қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке бірінші тоқсанның соңына дейін АЭС салатын орынды, уақыты мен қаржыландыру көздерін анықтауға тапсырма берген. Нәтижесінде еліміздегі тұңғыш АЭС Курчатов қаласында бой көтеретін болды.

Ресей Президенті В.Путиннің біздің елге сапары барысында Қазақстан мен Ресей аумағында ресейлік технологияларды пайдаланып, АЭС салу туралы меморандумға қол қойды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде