USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Үржарлық түлектерге Бас мүфти шәкіртақы тағайындады

Үржарлық түлектерге  Бас  мүфти шәкіртақы тағайындады

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы білімді жастарды қолдау мақсатында Үржар ауданы, Мақаншы ауылының «Алтын белгіден» үміткер үздік оқушылары мен әлеуметтік жағдайы төмен мектеп түлектеріне шәкіртақы тағайындады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталған ауылдағы С.Сейфуллин орта мектебінің 11 сынып оқушылары: Әйгерім Темірханова мен Айғаным Ақажанова «Алтын белгіден» үміттілер. Олардың бірі ағылшын тілінің маманы болуды мақсат тұтса, енді бірі математика саласының майталманы болуды армандайды.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы оқушылармен кездесуде мектеп бітірушілерді білім алуда жігерлі болуға шақырып, мақсаттарына қол жеткізуде жалқаулық танытпауға, ең бастысы, ары мен ұятына берік, иманды, инабатты болып өсуге үндеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде