USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Семейліктер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Семейліктер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Қазақстан халқы Ассамблеясы 29-31 мамырда Шығыс Қазақстан облысында «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты жыл сайынғы халықаралық жобаның шеңберінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шаралар өткізеді, деп хабарлайды Altaynews.kz Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторының мәліметіне сілтеме жасап.

Жобаның мақсаты - ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға және жалпы құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету; тарихта із қалдырған осы оқиғаны сақтап, келешек ұрпаққа тарихи тәжірибені жеткізу ісінде азаматтық қоғам мен мемлекетті біріктіру.

Іс-шараларға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен өңірлік ассамблеялардың мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, шығармашыл зиялы қауым, этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері, саяси қуғын-сүргін және депортацияға ұшыраған халықтар өкілдерінің ұрпақтары, ғалымдар, музей және мұрағат қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысуда.

29 мамыр күні Семей қаласының Қалалық мәдениет сарайында Сталин дәуіріндегі саяси қуғын-сүргін тарихына арналған «Дольше жизни» деректі фильмі көрсетілді. Фильм авторлары – Дарья Виолина және Сергей Павловский. Деректі фильмде репрессияға ұшыраған жандардың ұрпақтарының АЛЖИР, ГУЛАГ түрмелеріндегі қасіретті жылдар туралы естеліктері бар.

30 мамыр күні Семей қаласының оқу орындарында Ассамблея жанындағы Ғылыми-сарапшылық Кеңесінің мүшелері тақырыптық «Тарих сабақтарын» өткізеді. Сонымен қатар, бүгін Саяси қуғын-сүргін құрбандарының раухына арналған ас беріледі, құран бағышталады. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде халықаралық форум мен «Алаш феноменіне бүгінгі көзқарас: тарих сабақтары мен біріктіруші тұжырымдар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылады.

31 мамырда ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың ескерткіші алдында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингі өтеді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде