USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскемендегі «Экспо аллеясын» шетелдік қонақтар мен Парламент депутаттары отырғызды

Өскемендегі «Экспо аллеясын» шетелдік қонақтар мен Парламент депутаттары  отырғызды

«Өскемен ЭКСПО-2014» көрмесіне келген шетелдік қонақтар мен Парламент депутаттары Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебі жанынан ашылған «Экспо аллеясына» білім ордасының түлектерімен бірлесіп, ағаш көшеттерін отырғызды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Химия, биология бағытындағы мектептің ұл-қызы ақ байлап, арман тілектерін айтып, еккен ағаштарының жайқалған бақ болып, табиғаттың, қоршаған ортаның оңалуына үлкен үлес қосатынына сенімді. Осында отырғызылған 2017 түп ағаш өсіп, өнген соң көмір қышқыл газын бойына сіңіріп қана қоймай, өн бойынан жылына 512 миллион келі оттегін бөліп шығарып отыратын болады. Аллея экологиялық ахуалды жақсартумен қоса мектеп оқушыларының тәжірибе өткізіп, зерттеулер жүргізуіне пайдаланылмақ.


– Мен Назарбаев зияткерлік мектебі шәкірттерінің еңбектерін көріп, мұнда елдің ертеңі, болашағы қаланып жатқанын түйсініп тұрмын. Ғылымға бет бұру үшін ең әуелі осындай тәжірибе, сынақ үлгілерін жасап, меңгеріп, білімді ұштау керек. Бұл оқу ордасы осы ретте шеберлікті шыңдаудың шаңырағы болып отыр. Біздің қауымдастыққа әлемдегі Нобель сыйлығының иегерлері, талай-талай әйгілі ғалымдар мүше. Келешекте Өскемендегі осы мектептің де педагогтарының білімін толықтырып, тәжірибе алмасуда барынша тығыз байланыста, бірлесе жұмыс істейтін боламыз, соған сендіремін, – деген Франциядағы халықаралық білім беру қозғалысы қауымдастығының (ІЕМ) төрайымы, «ВАLАVARІ» халықаралық білім беру қауымдастығының президенті Лали Бердзенишвили Париждегі халықаралық білім беру қозғалысы Қазақстандағы жоғары оқу орындарымен, білім ордаларымен, соның ішінде еліміздегі Назарбаев зияткерлік мектептерімен ынтымақтаса жұмыс істеп келе жатқанын жеткізді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде