USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Аягөзге Қытай елінің делегаттары келді

Аягөзге Қытай елінің делегаттары келді

Елбасының Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастықты дамытуға байланысты сапарында талқыланған мәселелерді басшылыққа ала отырып Аягөз ауданының әкімі Н.Нұрғалиев Қытай елінің делегаттарымен кездесті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кездесу барысында Аягөз қаласында жол-көлік логистикалық терминалын салу, Қарамай-Шәуешек теміржол құрылысын Аягөз қаласына дейін жеткізу, сауда-саттық байланысты нығайту, бағаны тұрақтандыру және басқа да маңызды мәселелер талқыланды, жобалар қаралды.

Іргелес көршіміз, әрі сыртқы саудада айрықша басымдыққа ие стратегиялық әріптесіміз Қытай Халық Республикасы делегациясын Аягөз ауданында жылы шыраймен қарсы алды. Ерекше айта кету керек бұл кездесу өзара сенімді, достықты, ынтымақтастықты нығайтып, әлем елдерімен бірге өсіп-өркендеуге, татулыққа және ортақ дамуға ықпал ететіні сөзсіз.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында Қытай-Қазақ елдерінің арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту мақстатында Шәуешек, Дүрбілжің қалаларында жергілікті билік өкілдері мен біздің облыс делегаттарының кездесуі өткен болатын.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. Саян
    Қыйтайға к-н сатқан ұлы жүзді қуыңдар.
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде