USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Футболдан студенттердің ұлттық лигасы құрылды

Футболдан студенттердің ұлттық лигасы құрылды

Футболдан еліміздің барлық жоғары оқу орындарын біріктіретін Студенттердің ұлттық лигасы құрылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігімен ынтымақтастық меморандумға қол қойған Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Аллен Шайжүнісов мәлім етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Бүгінгі қол қойылған ынтымақтастық меморандумының аясында білім ошақтары арасында аймақтық және республикалық турнирлер ұйымдастырылып тұратын болады. Сондай-ақ, футболдан еліміздің барлық жоғары оқу орындарын біріктіретін Студенттердің ұлттық лигасы құрылады, – деді Аллен Шайжүнісов.

Лиганың ресми ашылуы Астананың «Автомобилист» стадионында өтті. Студенттер ұлттық лигасының бірінші кезеңіне Назарбаев университеті, Еуразия ұлттық университеті, Аграрлық университет, Қазақстан-Ресей университеті, қаржы полициясы академиясы, медициналық университет, Қазақ Мемлекеттік заң университеті және Қаржы академиясы секілді бірқатар оқу орындарының командалары қатысты.

«Автомобилист» стадионынан бөлек, лиганың ойындары Назарбаев университеті мен ЕҰУ стадиондарында да өткізіледі. Турнирдің үш үздік ойыншысы 7 маусым күні өтетін Венгрия және Қазақстан ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық кездесуді тамашалау үшін Венгрияға бару мүмкіндігіне ие болды.

Алдағы қыркүйек айынан бастап Студенттер ұлттық лигасына еліміздің барлық университеттері, оның
ішінде біздің өңірдегі іргелі жоғары оқу орындары да қатысатын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде