USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Аягөздік 18 студент еңбек жолдарын туған жерлерінде бастайтын болды

Аягөздік 18 студент еңбек жолдарын туған жерлерінде бастайтын болды

Аягөз ауданының әкімі Нұрбол Нұрғалиев Семей қаласындағы мәдениет сарайында аягөздік студент жастармен келелі кездесу өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ондағы басты мақсат – жастарға ауылға ат басын бұрып, еңбек жолын туған жерден бастауға үгіт-насихат жүргізу, бос жұмыс орындарымен таныстыру, бұл бағытта мемлекет тарапынан қандай көмектер көрсетілетіні туралы ақпараттар беру.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай «Еңбек жәрмеңкесі» өткен жылдың желтоқсан айында Семейде бір мәрте ұйымдастырылған болатын. Ол кезде кездесуге қатысқан 543 студенттің 34-і еңбектегі алғашқы қадамдарын Аягөз ауданынан бастауға келісіп, тиісті келісімшартқа қол қойған-ды. Биылғы шараға жоғары курстарда оқитын 250-ден астам студент қатысып, оның ішінде 18-і келісімшартқа қол қойды.
Аягөздік 18 студент еңбек жолдарын туған жерлерінде бастайтын болды

Еңбек жәрменкесінің соңы Семей қалалық «Дариғай» театрының әртістері мен Аягөздегі «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет сарайының әншілері ұсынған тамаша концерттік бағдарламамен жалғасты.

Бүгінгі күні Аягөз ауданында 70-ке жуық бос жұмысы орыны бар. Олардың дені білім беру және денсаулық сақтау салаларының үлесінде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде