USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жас полиция қызметкерлерлеріне алғашқы офицерлік погондар берілді Шығыс Қазақстанда

Жас полиция қызметкерлерлеріне алғашқы офицерлік погондар берілді Шығыс ҚазақстандаШҚО Ішкі істер департаментінің плацында он тоғыз қызметкер офицер атағына ие болды. Олар Департамент бастығы генерал-майор полиции Рашид Жақыповтың қолынан «лейтенант» погондарын алды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Сіздер ішкі ішкі істер органдарына қызметке түстіңіздер және өздеріңізге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғай отыра Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге міндет жүктедіңіздер. Иыққа ілінген погонға, таңдаған жұмысқа әрі қабылдаған Антқа адал болыңыздар! – деді Рашид Тауфикұлы.

Сонымен қатар, іс-шараға ішкі істер органдырының ардагерлері және жас жаңа офицерлердің достары мен жақын-туыстары қатысты. ШҚО ішкі істер органдарының ардагерлері атынан жас қызметкерлерді алғашқы офицерлік погондарын алуларымен Шығыс Қазақстан облысы ІІБ-ні бұрын басқарған, қазір ҚР ІІМ құрметті ардагері Лұқпанов Таумұрат Майкенұлы құттықтады.

Жас полиция қызметкерлерлеріне алғашқы офицерлік погондар берілді Шығыс Қазақстанда- Әр полиция қызметкері үшін бірінші офицерлік шен алу ерекше күн. Осы күннен бастап оларға жүктелетін жауапкершілік те үлкен, – деп атап өтті отставкадағы полиция полковнигі Таумурат Майкенұлы.

Өскемен қаласы ІІБ Ертіс ПБ ТБ тергеушісі Меруерт Әлібекова жас қызметкерлер атынан сөз алып, адал қызмет етуге, құқықтық тәртіптің қорғаушысы болуға, Қазақстан Республикасы патриоты болуға уәде етті.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде