USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жаңа наубайхана күніне 400 бөлке нан шығарады

Жаңа наубайхана  күніне 400 бөлке нан шығарады

Көкпекті ауданындағы Миролюбовка ауылында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жаңа наубайхана ашылды. Ауданға жасаған сапары барысында «Рахат-нан» деп аталатын нысанның жұмысымен танысқан облыс әкімі Бердібек Сапрарбаев шалғай елді мекендерде қарапайым тұрғындардың кәсібін ашқаны құптарлық іс екенін, алайда ауылда тұрып өз азығын қамдауға құлықсыздық белең алып кетпеуі керектігін айтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жеке кәсіпкер Ләззат Құдайбергенова осы наубайхананы ашу арқылы өзі мен жолдасынан бөлек тағы екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Күніне 400 бөлке нан пісіруге қауқарлы пештер Өскеменнен алынған екен. Жұмыс қалыпқа түскесін тоқаштың түр-түрін пісіріп, туристер мен жолаушыларға сатуды жоспарлап отырған кәсіпкер бүгіннің өзінде ауылдастарын нан-тоқаш өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

Несиеге берілген екі млн.теңгеден бөлек наубайханаға тартылған инфрақұрылымның 1,2 млн теңге шығыны мемлекет есебінен өтелмек.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде