USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскемен қаласының әкімі шетелдік бизнесмендермен кездесті

Өскемен қаласының әкімі шетелдік бизнесмендермен кездесті

Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов Германия және Швейцариядан келген бизнесмендермен кездесті. Басқосу барысында электр қуатын үнемдеу, сонымен қатар, инвестиция тарту мәселелері жөніндегі әріптестік байланыстар сөз болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тараптар әлемде энергия ресурстарының тапшылығы ерекше сезіліп тұрған бүгінгі таңда мұндай әріптестік орнату ұтымды болатынын жасырмады. Бұл өз кезегінде қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға септігін тигізіп қана қоймай, халықтың денсаулығына да оң әсер ететіні айтты.

– Жуықта облыс орталығында «Мини-Экспо-2014» көрмесі өтетінін, оған Қазақстан үкіметінің мүшелері, шетелдік дипломаттар, дүниежүзілік ғылыми элитаның өкілдері, халықаралық премиялардың лауреаттары қатысатынын білесіздер. Онда энергетика саласын дамытуға қатысты жобалар қарастырылатын болады. «Экспо-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында өткізілетін осындай ауқымды шара облысымыздың бұл мәселеге қатысты әлеуетін айқындап, оны мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға бағытталған, – деген қала әкімі шетелдік кәсіпкерлерді шаһарда жаңа кәсіпорындар ашуға шақырды. Бұл өз кезегінде жұмыс орындарының санын ұлғайтуға мүмкіндік бермек.

Жуық арада өткізілген кездесу нәтижелері бойынша екі жақты меморандумға қол қойылады деп күтілуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде