USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Бүкіләлемдік мейіргерлер күні атап өтілді Қазақстанда

Бүкіләлемдік мейіргерлер күні атап өтілді Қазақстанда


Жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 12 мамыр күні Бүкіләлемдік мейіргерлер күні атап өтіледі. Қазақстанда 150 мыңнан астам мейіргер еңбек етеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл мейрам 19 ғасырдан бастау алады. 12 мамырда мейіргерлік қызметтің негізін салушы Флоренс Найтингейл дүниеге келген. Қырым соғысы кезінде ол жаралы сарбаздарға күтім жасау қызметін ұйымдастырып, соғыс қимылдары кезінде өлім-жітімнің елеулі түрде азаюына ықпал еткен. Кейін әлемдегі алғашқы мейіргерлер мектебінің негізін қалады. 1934 жылдан бері Ф.Найтингейл атындағы халықаралық қордың бастамасымен Халықаралық мейіргерлер күні жыл сайын атап өтіледі.

Қазақстанда бұл күні мейіргер мамандар арасында «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек жүйесіндегі үздік мейіргер» кәсіби байқауы өткізілді; ауылдың денсаулық сақтау қызметкерлерін кеңінен тарта отырып, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер, шеберлік-сыныптары ұйымдастырылды; үздік қызметкерлерге құрмет көрсетілетін Бүкіләлемдік мейіргерлер күніне арналған салтанатты іс-шаралар өткізіледі.

Ағымдағы жылғы 16 мамырда Астанада «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек саласындағы мейіргерлер қызметінің рөлі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 150 мыңнан астам мейіргер еңбек етеді. Орта медициналық қызметкерлерді даярлаумен қазіргі кезде 28 мемлекеттік және 40 жекеменшік медициналық колледж айналысады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде