USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Дариға-ай» жастар театры Өскемендегі этноауылда өнер көрсетті

«Дариға-ай» жастар театры Өскемендегі этноауылда өнер көрсетті

Өскемендегі этноауылда саябаққа демалуға келген қонақтардың алдында өскемендік «Атамұра» ансамблі мен Семейден келген «Дариға-ай» жастар театры өнер көрсетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Еркінбек Аязбаевтың айтуынша, алдағы уақытта Өскемен қаласында мұндай мәдени іс-шаралар көптеп ұйымдастырылмақ.

– Этноауылда өңіріміздің үлкенді-кішілі өнер ұжымдарының концерттік бағдарламалары жаз бойы өткізіледі. Сондай-ақ, Өскеменге апта сайын аудандар мен қалалардан бір топ мектеп оқушылары келіп, мұндағы этноауыл мен хайуанаттар бағына саяхат жасайтын болады. Бүгін Семейдегі №7 мектеп-лицейінің оқушыларын қабылдаудамыз. Мұндағы мақсат – саябаққа келушілерге өз өнерпаздарымызды таныстырып, өнерлерін насихаттау ғана емес, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді өткізулеріне атсалысу. Болашақта дәл осындай саяхатты Жидебайға да ұйымдастырмақпыз. Сонымен қатар, алдағы уақытта облыс орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған іс-шаралар өткізілмек, – дейді Е.Аязбаев.

Дәл осы күні саябаққа келушілердің алдында өнерлерін көрсеткен «Атамұра» ансамблінің жетекшісі Ерболат Сәдуақасұлы таяуда олар Моңғолияға аттанатынын жеткізіп, бұл концерт облыстық ақсақалдар кеңесінің қолдауымен 2009 жылы құрылған өнер ұжымының сол сапары алдындағы соңғы әзірлігі іспеттес болғанын айтты. Ал семейлік «Дариға-ай» жастар театрының актері Еркебұлан Нұғымановтың айтуынша, өнер ұжымы алдағы аптада Павлодар қаласында шымылдығын түретін театр фестиваліне даярлықтарын пысықтауда. Онда семейлік актерлер көрермен назарына «Ызғарлы желтоқсан» қойылымын ұсынбақ екен.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде