USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған халықтық спорт ойындары басталды

Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған халықтық спорт ойындары басталды

Аягөзде Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған аудан әкімінің жүлдесі үшін ХVIII халықтық спорт ойындары басталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жарыстың негізгі мақсаты Елбасының халыққа Жолдауын іске асыру, бұқара халық арасында дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, спортшылардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік туғызу, сондай-ақ, жазда өтетін Шығыс Қазақстан облыс әкімінің жүлдесіне арналған ХVIII халықтық спорт ойындарына қатысатын саңлақтарды іріктеу болып табылады.

Бұл бәсекеде қатысушылар спорттың 8 түрінен, оның ішінде жеңіл атлетика, гір көтеру, қол күрестіру, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, үстел тенисі және президенттік көпсайыстан бақтарын сынайды.
Жарысқа ауданның барлық ауылдық округтерінен және кентінен 19 команда өкілдері, сонымен қатар аудандық орталық аурухана, Аягөз пайдалану депосы, «Қамқор» локоматив жөндеу депосы, Аягөз қаласының политехникалық колледжі сияқты мекемелерде жасақталған ұжымдар қатысуда.

Айта кетейік, өткен жылы Семей топырағында ұйымдастырылған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін XVII халықтық спорт ойындарында Аягөз ауданының командасы жоғары нәтижеге қол жеткізе алмағанымен, мектеп оқушылары арасындағы «Сәулетай» спорттық ойындарында Тарбағатай мен Зайсан аудандарын кейінге қалдырып 123 ұпаймен бірінші орынды жеңіп алған болатын. Облыстық деңгейдегі додада ауданның намысын қорғайтын мықтылар ағымдағы жылы да сол биіктен көрінуге тырысатындықтарын айтуда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде