USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменнің жолаушы тасымалдаушылары жұмысқа шығудан бас тартты

Өскеменнің жолаушы тасымалдаушылары жұмысқа  шығудан бас тартты

Өскемендіктер бүгін жұмыстарына уақытында жете алмай қалды. Қаладағы 11 жолаушы тасымалдаушының жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тасымалдаушылардың бірі – «Рост» ЖШС-нің инженері Оксана Андриенконың айтуынша, олар жолақысын көтеруді немесе бюджеттен өтемақы төлеуді талап етуде.

–Қазір дизельді отынның бір литрі 102 теңгеден 115 теңгеге өсіп кетті. Біздің жағармайымыз таусылды, ал сатып алуға қаражатымыз жоқ. Сол себепті біз қалалық әкімшіліктен өтемақы төлеуді, не болмаса жолақысын қымбаттатуды сұраймыз, – деп түсіндірді өз әрекеттерін Оксана Владимировна біздің тілшімізге.

Күн сайын қала көшелеріне «Рост» ЖШС-нің бір өзінен ғана автобустар он маршрут бойынша 120 кесте бойынша жұмысқа шығады. Олар күніне сегіз тонна отын жұмсайтын көрінеді.

Оксана Владимировна қоғамдық көліктің жұмысы тек сағат 15-00-ден кейін ғана жанданатынын айтты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде