USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Соғыстан оралмаған жерлестерін еске алып, 7199 шырақ жақты

Соғыстан оралмаған жерлестерін еске алып, 7199 шырақ жақты

Кеше Өскемен тұрғындары Даңқ мемориалының маңында соғыстан оралмаған жерлестерін еске алып, 7199 шырақ жақты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кешкі сағат 20.00-де басталған іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов қатысты. Шырақ жағылғаннан кейін ардагерлер де жаққан шырақтарын Мәңгілік алаудың маңына қойды.

Іс-шараға қатысқан әскерилер жанған шырақтан жұлдызшаның бейнесін жасап шығарды. Қолдарына алаулай жанған майшам ұстаған қала халқында есеп болған жоқ. Күміс көмей әншілер соғыс кезіндегі әндерді шырқап, ұйымдастырушылар Георгий лентасы байланған шарды көкке ұшырды.

Әнші Әсел Қыдырханова «Әлия» әнін әуелетіп, қазақ қызының ерлігін жиналған халыққа паш еткендей болды.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде