USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қазақстанда сәлмедеме постамат арқылы жіберілетін болады

Қазақстанда сәлмедеме постамат арқылы жіберілетін болады

Биылғы жылдың екінші жартысында Қазақстанда мүлде жаңа жоба - постаматтар қызмет көрсететін болады. Бұл туралы Президент жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Қазпошта» АҚ-ның басқарма төрағасы Асхат Бейсенбаев атап көрсетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Постамат банкоматқа ұқсас келеді. Адамдар ол арқылы сәлемдемені қабылдай алады немесе жібереді. Оның бір артықшылығы - тәулік бойы жұмыс істейді. Алғашқы 18 постамат қанатқақты режимде Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында орнатылады, - деген А.Бейсенбаев бұл аппараттың қалай қызмет көрсететіні туралы да айтты.

Мәселен, егер біреуге сәлемсауқат келсе, оның қай постаматта тұрғаны туралы сол адамға SMSхабарлама келеді. Бұған қоса хабарламада сәлемдемені алуға мүмкіндік беретін код жазылады. Ал сәлемдеме жіберу үшін тиісті ұяшық көлеміне қарай постамат таңдалады. Ақысы төленген соң, штрих-код беріледі, ол сәлемдемеге жабыстырылып, автоматқа көшіріледі, одан кейін ұяшық ашылады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Қазпошта
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде