USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шығыс Қазақстан театрларының басын қосқан фестиваль өтті

Шығыс Қазақстан театрларының басын қосқан фестиваль өтті

Семейдегі Абай атындағы музыкалы драма театры басшылығының және театрдың директоры Б.Төлековтің бастамасымен Шығыс Қазақстан театрларының басын қосқан «Театр көктемі» фестивалі өтті.

Оған Өскемендегі Жамбыл атындағы театрдың қазақ және орыс труппалары, Семейдің «Дариғаай» жастар, Достоевский атындағы орыс және Абай атындағы музыкалы драма театрларының өнерпаздары қатысты.

Фестивальді ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар өзінің құттықтау сөзімен ашты. Абай театрының ардагері, Қазақстанның халық әртісі Б.Имаханов, «Дариға-ай» театрының белді әртісі Р.Бейсенұлы, тағы да басқа өнер иелеріне алғыс хаттар тапсырылды.

Мерекенің ашылу салтанатында өнер иелеріне ерекше құрмет көрсетілді. Абай театрының алдында лимузин көлігінен түскен әртістер оркестрден төгілген музыканың сүйемелдеуінде қызыл кілеммен жүріп өтті. Театр шымылдығы жазушы, драматург Жолтай Әлмашұлының «Мұңмен алысқан адам» атты пьесасымен ашылды. Қойылымда автор бүгінгі қоғамның әлсіз тұсын дөп басып, елін, жерін менсінбеген кейбіреулердің образын шынайылықпен көрсете білген. Шығарманы Абай театрының әртістері өте жоғарғы деңгейде сахналады. Нақтырақ айтқанда, халық әртісі Бекен Имаханов, Думан Бәкімбаев, Сәндібала Бекбаева, Динара Қабышева, Мұратжан Айдосұлы сынды әртістер өз кейіпкерлерін асқан шеберлікпен сомдап шықты.

Спектакльдің премьерасына Астанадан арнайы келген автор Жолтай Әлмашұлы өз ризашылығын білдіріп, қойылымның Семей жерінде тұсауы кесілгеніне қуанышты екенін жеткізді.

Мерей Қартов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: театр
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде