USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Белоусовка кенті сумен толық қамтылады

Белоусовка кенті сумен толық қамтылады

ШҚО Глубокое ауданының Белоусовка кентінде су құбырлары жүйесін қалпына келтіретін ірі инфрақұрылымдық жоба қолға алынды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Нәтижесінде кент тұрғындары таза ауызсумен толық қамтылатын болады. Жұмыстарды жоғары технологиялық су құбырларын құрастыру бойынша жобаларды іске асырған тәжірибелі «Бұқтырма құрылыс компаниясы» ЖШС жүргізеді. Олар ендігі дайындық жұмыстарын бастап кетті, геодезиялық іздестіру, база құрылысы, су жинау және насос станциясын жөндеу, қажет материалдарды тасымалдаумен айналысып жатыр.

Республикалық бюджеттен 1 миллиард 360 мың теңге бөлінді. Бұл - кенттің 72 көшесі мен Подхоз және ГРП сияқты шағын аудандарды тіршілік нәрімен сусындатуға мүмкіндік береді. Коммуникация жүйелерін тарту мен құдықтар орнату осы көшелерден басталады дейді учаске шебері Алтай Ұлақов.

Құрылыс жұмыстары 2014-2015 жылдарға есептелген. Су жүйелері коммуникациялары құрылысы аяқталған соң, кентте ішкі жолдарды жөндеу жұмыстары қолға алынбақ.

Эльмира Тайырқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Белоусовка кенті су
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде