USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Кітапхана қызметкерлері арасында онлайн режимде семинар өтті

Кітапхана қызметкерлері арасында онлайн режимде семинар өтті

Шығыс Қазақстан облысында қос кітапханының, яғни, Өскеменнің А.Пушкин және Семей қаласының Абай атындағы кітапхана ұжымдары ұйытқы болуымен Бородулиха аудандық кітапхасында жеті бірдей аудандық кітапхана қызметкерлерінің басын қосқан "Мәңгілік ел" идеясы аясындағы облыстық семинар болып өтті.

Семей қаласының Абай атындағы кітапхананың директоры Айгүл Шаймарданова Бородулиха ауданының 70 жылығына арналған өлкетану бағытындағы семинардың шымылдығын ашып, семинардың қандай бағыт ұстанғандығын жиналған жұртқа жария етті. Өскеменнің А.Пушкин атындағы кітапханасы онлайн арқылы жиналған жұртшылықпен пікір бөлісті.

Бородулиха аудандық орталықтанған кітапхана жүйеснің директоры Татьяна Борисовна Бычковская бұл семинарды жоғары деңгейде өткізе білді.

ШҚО барша өңірлерінің тарихына қатысты материалдары қалай жинау, әрі оларды қалай жұртшылыққа танудың жолдары арқау болған семинар келген қонақтарға көп ой салып, шығармашылық шабыттарының шарықтауына арқау болды.

Бір айтарлығы бұл 20 жылдан бергі барлық өңір кітапханашылыраның басын қосып, Елбасы Жолдауындағы ұрпақтар сабақтастағын қалай жүзеге асыруға болатындығын танытқан алғашқы басқосу болды. Енді кезекті осындай басқосу қыркүйек айында Бесқарағай ауданында өтетін болады.

Серік Әбілқасымұлы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: кітапхана
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде