USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Колледж студенттері жаңа бағдарламамен оқиды

Колледж студенттері жаңа бағдарламамен оқиды

Өскеменде екі апта бойы «Қазақстандағы оқытудың дуальді жүйесі» атты қанатқақты жобаны игеру бойынша жұмысшы тобы жұмыс істеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оның құрамына Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы, колледждер мен аймақтағы кәсіпорындар және Білім және ғылым министрлігінің, сондайақ, алманиялық GIZ/GOPA консорциумының өкілдері енді. Сөз орайы келгенде айта кетейік, бұл ұйым соңғы жылдары Қазақстандағы кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көмектесіп келеді.

Аталған жұмысшы тобы «Өнеркәсіптік механика» және «Өнеркәсіптік энергетика» атты екі мамандық негізіндегі дуальді білім беру жүйесінің жобалық құжаттарын қарастырды. Ал ол шаруаларға база ретінде Өскемендегі құрылыс және көппрофильді технологиялық колледждер алынған болатын.

Бірлескен комиссия қаладағы кәсіпорындарда мамандарды даярлау бойынша оқыту жоспарларын жасаумен және оқыту бағдарламасының мазмұнын нақтылаумен шұғылданды. Сөйтіп, бұл бағдарлама қабылданған соң, студенттер көп уақытын өткізетін нақты өнеркәсіптік жағдаймен танысты.

Бұл тұрғыда «Өскемен ЖЭО», «Востокмашзавод», «Конденсатор зауыты» акционерлік қоғамдары мен «Өскемен «Промтехмонтаж» басқармасы» сынды ірі кәсіпорындар болашақ мамандардың білімі мен шеберліктеріне қатысты өз ұсыныстары мен талаптарын алға тартты. Бұдан соң колледждерді бітіретін түлектерді аттестациялаудың қорытынды формасы талқыланды. Дәл осы тұста нақты көзқарастарын ашық айтқан Өскемен жылуэнергетикалық орталығының өкілдері «Ең бастысы, бізге жұмыс істеуге келетін мамандардың сауатты болғаны жөн. Жалпы, біз оларды жаңа бағдарлама бойынша оқыту арқылы олардың да, өзіміздің де уақытымызды үнемдейміз» деген пікірлерін жеткізді.

- Негізінде бұл жаңа бағдарламалар Еуропада қабылданған дуальді білім беру жүйесінің көшірмесі болмайтынын баса айтқымыз келеді. Біз аталған жоба шеңберінде жұмыс істеп, өз ұсыныстарымыз бен пікірлерімізді, нақтырақ айтқанда, өзіміздің ең озық тәжірибелерімізді енгізсек те, онда қазақстандық оқытудың дәстүрлері ескерілмей қалмайды. Дәл осылайша синтездеп, саралай оқыту бағдарламасының өте-мөте тиімді болуына жол ашпақ, - деп сендіре баяндады Германиядан келген қонақтар.

Ал жұмыс тобындағы кәсіпкерлер палатасының өкілдері болса, бұл шаруаны дөңгелентіп әкету үшін нақты заңдылық өзгерістер жасау қажеттігін жеткізді. Мәселен, Шығыс Қазақстан кәсіпкерлері палатасы директорының орынбасары Роза Бисекенова: «Герман-Қазақстан бағдарламасын сынап, байқау үшін қазақстандық құқықтықнормативтік базаны кеңінен қарастырып, түзетулер енгізу қажет» деген ойын жеткізді.

Сонымен, 1 қыркүйектен бастап Шығыс Қазақстан облысы колледждерде білім алатын студенттер жаңа, қазақстандық-еуропалық бағдарламамен оқитын болады.

Ғафура сәрсенбайқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде