USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жастар арасында КТК ойны өткізілді

Жастар арасында КТК ойны өткізілді

Диляра Хасенова басқаратын ШҚО Бородулиха аудандық жастар орталығының ұйымдастырумен "Мәңгілік ел" идеясы аясында аудандық мәдениет үйінде "Алға, Ауылдың жастары!" девизмімен өткен аудан жастары арасындағы КТК ойны жиналған жұрттың қар басқан көңілдеріне көктемгі күлкі бәйшешегін бүр жардырды.

Осы сайысқа ат арытып, Димтриевка ("Реальная молодежь"), Камышенка ("Біздің жігіттер"), Песчанка ("ИЧО (Идеально человеческое общество)") ауылдарының және Жезкент кентінің ("Орловская молодежка") командалары қатысып, көрермендерге өздерінің тапқырлықтары мен әзілге бейімдіктерін таныта білді.

Бізді қуантқаны төрт команданың арасында қазақ ұлттық күлкісін ана тілімізде көрерменіне сыйлаған Камышенканың (Төртталдың) "Біздің жігіттер" командасының милеттік мәнердегі ойыны болды.

Әділқазылар алқасының ұйғарымымен бірінші орынды екі дмитривкалық "Реальная молодежь" бен жезкенттік "Орловская молодежка" командалары теңдей бөлісті. Қалған орындар камышенкалық "Біздің жігіттер" мен песчанкалық "ИЧО"-ның еншісіне тиді.

Серік Әбілқасымұлы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: қазақша квн
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде