USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қазақстан әлеуметтік және бизнес-жобалар сайысында Семей жастары жүлдегер атанды

Қазақстан әлеуметтік және бизнес-жобалар сайысында Семей жастары жүлдегер атанды

Шәкәрім университетінің Enactus командасы студент жастардың Enactus Kazakhstan Expo республикалық әлеуметтік және бизнес-жобалар сайысында жүлдегер атанды.

2014 жылдың 21-22 сәуір аралығында Intercontinental Almaty The Ankara In Kazakhstan мейманханасында студент жастардың Enactus Kazakhstan Expo республикалық әлеуметтік және бизнес-жобалар сайысы өткен болатын. Сайыс ҚР Білім және ңылым министрлігі жастар ісі жөніндегі Комитеттің қолдауымен, Enactus Kazakhstan Ұлттық офисінің ұйымдастыруымен қолға алынды.

Қазақстанның 45-ке жуық жоғары оқу орындары жастарының басын біріктірген жарысқа Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті атынан Enactus командасы қатысып, 3 жоба ұсынды.

Бірінші жоба сүт өнімдерін өндірудегі өзіндік нұсқасын жасау мен маркетингтік компанияны өңірдің сүт өнімдерін өндіретін зауытпен бірлесіп алға тартуға бағытталса, келесі ұсынылған жобада команда балалар үйінің тәрбиеленушілерін жұмыспен қамтуды көздейді. «Жетім көрсең, жебей жүр» дейді қазақ нақылы. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған, қолынан іс келетін балалар түрлі қолөнер бұйымдарын жасайды, ал Enactus командасының өрендері оларға тұтынушылар іздеп, қол ұшын береді. Айта кетейік, бұл жоба аясында Алматының белгілі бір компаниясымен келісім жасалды. Енді балалар үйі тәрбиеленушілері қуыршақтар тігуді арнайы онлайн-курс арқылы үйренетін болады.

Университеттің Enactus командасы қолға алған «Бауырсақтар» атты жоба - әлеуметтік жағдайы төмен әйелдерді жұмысқа орналастыруды мақсат етеді. Бұл жоба да сәтті жүзеге асуда.

Осылайша, Шәкәрім университеті жастарынан құралған Enactus командасы ұсынған әлеуметтік маңызы бар 3 жоба да республикалық додада жоғары бағаланып, үздіктер қатарынан ойып тұрып орын алды.

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде