USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жалпы қазақстандық орман отырғызу күні аталып өтті

Жалпы қазақстандық орман отырғызу күні аталып өтті

Белағаш өңірінің тарихы терең Новопокровка (Жұра) ауылының Бородулиха ауданы бойынша тірек ауыл атанғаны ауылдық округ тұрғындары үшін үлкен мәртебеге айналды. Ауылда өткен "Жалпы қазақстандық орман отырғызу күні" республикалық акциясы халықтың ұлтына қарамай қай істе болсын ауызбіршілік танытуының жарқын көрінісі болды.

Осы республикалық акцияға ауылдық округтің қос мектебі, дәрігерлік амбулатория ұжымы, барша шаруа қожалықтарының жұмысшы қауымы, «Семейгидрогеология» ЖШС, «Белағаш топтық су құбыры» КМК және ауыл әкімдігінің қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарды жөнге келтірді.

Осы акция аясында ауылда қарағайдың 100 көшеті, ұсақ жапырақты шегіршіннің 200 көшеті және 10 қайың ағашы отырғызылды. Көшеттерді жеткізуді "Лада" ШҚ басшысы Анатолий Михайлович Романов пен «Белағаш топтық су құбыры» КМК ұйымдастырды.

Жұралықтар осылайша жұмыла көтерген жүктің жеңілдігін сезініп, туған ауылдарының көркіне көрік қоса білді.

Серік Әбілқасымұлы,
Айгүл Ордыбаева
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде