USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Уақытша жұмыспенпен қамту қолға алынды

Уақытша жұмыспенпен қамту қолға алынды

Семей қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастауымен әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ұйымдастырылып отырған бағдарлама бағыты негізінен халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуға арналған. 2014 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және қоғамдық жұмыстар секторына 150-ден астам уақытша жұмыс орнын құруға Семей қаласының жұмыс берушілерінен 49 өтініш келіп түскен болатын.

Соған орай ағымдағы жылдың наурызында әртүрлі жұмысқа 30 жұмыссыз жіберілсе, соның ішінде: 29 жасқа дейінгі жастар - 7 адам, 50 жас-тан асқандар - 9, ұзақ уақыт жұмыс істемегендер - 9 адам және басқалар.

Жұмыспен қамтылғандар қазіргі уақытта әртүрлі жұмыстарда, электрші, кассир-бақылаушы, сантехник, тігінші, сылақшы болып жұмыс істейді. Жұмыс берушілердің еңбекақыға кеткен шығындарының өтемақысы айына 19 966 теңгені, жұмыс уақытының мерзімі алты айды құрайды.

Мерей Қайнарұлы
сурет Ғылымбек Сабитовтікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жұмыспен қамту-2020
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде