USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Киіз үй қалашығы туристерге қызмет көрсетеді

Киіз үй қалашығы туристерге қызмет көрсетеді

ШҚО Жарма ауданы, Қалбатау ауылының іргесіндегі күре жолдың бойында шағын киіз үй қалашығы бой көтереді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Былтыр Астанада Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ұйымдастырған форумда жеке кәсіпкер Едіге Ибрайымовтың «Киіз үйлер қалашығы» атты жобасы арнайы номинацияны иеленген-ді.

- Киіз үй тәрізді ғимараттарды салуда жаңа технология бойынша жасалған құрылыс материалдарын қолданамыз. Құрастырылатын бөлшектері жеңіл әрі жинақы. Үйді кез келген жерге тігуге болады. Тұрғызуға екі адам жеткілікті. Ішісырты ою-өрнектермен безендіріледі, - дейді Едіге Ибрайымов.

Оның айтуынша, құрылысқа қажетті материалдарды өздері жасайды. Қонақүй кешенінде туристерге сервистік қызмет көрсету бағытында қысқа мерзімдік курстар ұйымдастырылып, мамандарды даярлайды. Туристік қызметтің сапасын көтеруде бұл курстың берері мол болмақ.

Шығыс Қазақстан облысына келген туристердің көпшілігі Омбы - Майқапшағай, Алматы - Өскемен тасжолының бойымен өтеді. Солардың осы қалашықта аялдап, демалатын жерлерін анықтап білулеріне мүмкіндік жасайды. Демалыс үйлерінің ұжымдарымен тікелей байланысқа шығып, орналастыру жағдайын да алдын ала шешіп береді.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: киіз үй
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде