USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жаңа Бұқтырма кенті туристік орталыққа айналады

Жаңа Бұқтырма кенті туристік орталыққа айналады

Зырян ауданында жаңа жобалар жүзеге асырылып, туристік инфрақұрылымдар салынып жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жаңа Бұқтырма кентін туристік орталыққа айналдыру жобалары әзірленді. Кенттегі атқарылатын негізгі іс-шаралар тек қана туристерге қызмет көрсету аясын кеңейту және сапасын жақсарту бағытына арналады. Биыл инвестиция тарту арқылы қонақүй, кемпинг, жол бойындағы дәмхана, үш шағын базар салу жоспарланған. Бұған қоса, кентте балалар саябағы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай үлкен саябақ бой көтереді.

«Орел» тау шаңғысы кешенін жетілдіру жобасы жүзеге асырылуда. Осы кешенге дейінгі автокөлік жолы жөнделді. Сондай-ақ, «Турфирма Валентина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Пант» шаруа қожалығы да өңірде туризмді дамытуға өз үлестерін қосуда.

Былтыр туризмді дамыту бойынша облыстың Индустрияландыру картасы- на «Мелада» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобасы қабылданды. Биыл оған «Шығыс Екі Дос» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің туристік кешен құрылысы жобасын енгізу қарастырылуда.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде