USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ғашықтар күні жұлдызды жұптар байқауымен аталып өтті

Ғашықтар күні жұлдызды жұптар байқауымен аталып өтті

ШҚО Бородулиха аудандық мәдениет үйінде «Шығармашылық үйі» ұжымның ұйымдастыруымен «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» ғашықтар күніне байланысты «Екі жұлдыз» байқауы болып өтті. Оған алты жұлдызды жұп қатысты. Байқаудың бірінші кезеңде ұмыт болып кеткен халық әндері орындалса, екінші кезеңде ғашықтар жайлы заманауи әндер шырқалды.

Әділқазылар алқасының ұйғарымымен Переменовка орта мектебінің 10 сынып оқушылары әрі байқаудың ең жас қатысушылары Есимханов Асулан, Оразғалиева Алтынай Бас жүлдені қанжығаларына байлады.

Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінен келген Мағденов Ербұлан мен Исмағұлова Динара бірінші орынды иеленсе, екінші орынды Буркотово орта мектебінен келген Цой Людмила Романовна мен Нам Александр Эдуардовичтер қанжығасына байлады. Үшінші орын Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінен келген Ахметжанова Бейбитгүл мен Серік Алмастың еншісіне тиді.

Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Р.Атаева жүлде табыстардағы өз сөзінде «Қозы Көрпеш Баян сұлу» жайлы біраз мағлұматтар беріп, барлық қатысушыларға бірдей алғыс білдіріп, сайыскерлер мен жеңімпаздарға аудан әкімінің дипломдары мен алғыс хаттарын және байқау ұйымдастырушыларының бағалы сыйлықтарын тапсырды.

Серік Әбілқасымұлы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: ғашықтар күні
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде