USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Төлеген Тоқтаровқа арналған хоккей турнирі өткізіледі

Төлеген Тоқтаровқа арналған хоккей турнирі өткізіледі

Өскеменде шайбалы хоккейден қалалар мен аудандардың әуесқой командалары арасында әлемнің және Еуропаның үш мәрте чемпионы Евгений Паладьевті еске алуға арналған Шығыс Қазақстан облыстық екінші турнир өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Турнирге Өскемен, Семей, Риддер қалаларының, Зырян, Шемонайха, Бородулиха, Глубокое, Ұлан, Күршім аудандарының командалары қатысып, екі топқа бөлініп, бәсекеге түсті. Өскеменнің командасы сапында жасы 35-тен асқан ойыншылар, ал қалған командалар құрамында жастардың ойнауларына рұқсат берілді. Мұның өзі шайбалы хоккейдің аудандарда да дамып келе жатқанын аңғартады. Күршімдік хоккейшілер бірінші турнирге де қатысқан болатын.

Жарыс қорытындысында бірінші орынды «Өскемен-1» командасы иеленді. Екінші орынға «Өскемен-2» командасы шықты. Семейлік хоккейшілер үшінші орынды еншіледі.

Турнирдің үздік ойыншысы ретінде өскемендіктер - қақпашы Игорь Мишановтың, шабуылшы Владислав Казначеевтің, семейлік
Рустем Мансуровтың есімдері аталды.

Енді республикалық шайбалы хоккей федерациясының жергілікті филиалы Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған хоккей турнирін өткізуді жоспарлап отыр.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Төлеген Тоқтаров
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде