USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Сыйға тартқан пәтерді қайтара алуға бола ма?

Сыйға тартқан пәтерді қайтара алуға бола ма?

– Мен сыйға тарту келісімшартынан бас тарта аламын ба? Себебі, пәтерімді сыйлаған адам екеуіміздің келісіміміз бойынша маған көмек көрсетуден бас тартып отыр. Сол қолғабысы үшін мен оған пәтерімді сыйлаған едім...
А.Сайқанова, Шығыс кенті, Семей қаласы

Сауалға Семей қалалық сотының судьясы Сандуғаш Байбосынова жауап береді:

– Қандай жағдайда келісімнен бас тартуға болатыны Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 512-бабында көрсетілген. Бапқа сәйкес, мүлікті сыйға тартқан адам өз шешімінен бас тарта алады, егер ол сый жасаған адам оған немесе оның отбасы мүшелерінің өміріне қауіп төндірсе немесе сый жасаған адамға қасақана түрде қастандық жасаса.

Бұдан өзге жағдайлар тараптар келісімшартында көрсетілуі тиіс. Егер ол шарттар келісімде көрсетілмесе, сыйға берушінің мүлкін қайта өндіріп алуға құқысы жоқ. Яғни, сый алушы тарапынан алдын ала айтылған көмек көрсетілмесе де, егер ол жағдай шартта аталып көрсетілмесе, сіз келісімнен бас тарта алмайсыз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: пәтер
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде