USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Талғат Жайлауов сауығып шықты

Талғат Жайлауов сауығып шықты

Құрлықтық хоккей лигасы жарақат алған спортшылардың тізімін жариялады. Ол тізімде астаналық «Барыс» хоккей клубының белді шабуылшысы, Қақастан ойыншысы Талғат Жайлауовтың аты-жөні жоқ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оқырмандар есіне салсақ, Талғат наурыз айының ортасында сырт айдында өткізген кезекті матчтан елге оралған кезде Астана қаласының әуежайында жарақат алып қалған болатын. «Барыс» спортшыларын әуежайдан күтіп алып, құрмет көрсеткен бір топ жанкүйер Талғат Жайлауовты жабыла көтеріп, жоғары лақтырған кезде абайсызда жерге құлатып алғанды. Сол сәтте хоккейші басынан жарақат алып, ауруханаға түскен.

Содан бері өскемендік спортшының денсаулығына алаңдап, тағат таппаған жанкүйерлер әлеуметтік желілерде сұрау салып, оның хал-жағдайын білуге тырысқан. Енді, міне, ресми ақпарат көздері таратқан мәліметке жүгінсек, «Барыс» клубының ауруханасында емделіп жатқандар қатарында Талғат жоқ. Дәрігерлер оның сауығып, лазареттен шығып кеткенін айтады.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде