USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ресей азаматтары Шығыс Қазақстан даласында адасып кетіпті

Ресей азаматтары Шығыс Қазақстан даласында адасып кетіпті

ШҚО Аягөз ауданының төтенше жағдайлар қызметкерлері айдалада адасқан ресейлік екі азаматқа көмек көрсетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ресейлік екі азамат «Рено Дастер» көлігімен Талдықорған қаласына қарай кетіп бара жатқан. Бірақ Аягөзге таяған жолаушылар күре жолдан бұрылып кетеді де, 40 шақырымдай қашықтықты жүріп өтіп, батпаққа батып қалады. - Ресейлік азаматтың біреуі кейін қарай көмек сұрауға бет алады. Бұл кезде екіншісі көлікті батпақтан шығарып, жолдасын іздеуге кіріскен еді. Алайда, бірнеше шақырымнан кейін көліктің дизель отыны таусылып тұрып қалады, - деп хабарлайды облысымыз бойынша төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Аягөз ауданының құтқарушыларына бұл оқиға жөнінде Ресейдің Ханты-Мансийск қаласындағы әріптестері хабарлаған. «Саяхатшылар» көмекті осы қаладағы төтенше жағдайлар қызметкерлерінен сұраған көрінеді.

Іздестіру жұмыстары 8-сәуір күні басталады. Ал ресейліктер айдалада бір күндей жүрген. Жедел іздестіру шаралары барысында Аягөз қаласынан 85 шақырым жерде көлік пен ер адам табылған. Мөлшері осы уақытта полиция қызметкерлері Аягөзден 40-45 шақырым жердегі Жырғалы бекетінен екінші азаматты жолықтырады. Екеуі де медициналық көмекті қажет етпеген.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде