USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Көкпекті ауылына «Көмек керуені» жөнелтілді

Көкпекті ауылына «Көмек керуені» жөнелтілді

Қарағандының тасқыннан зардап шеккен Көкпекті ауылына біздің Шығыс Қазақстан облысынан «Көмек керуені» жолға шықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Көкпектіліктерге көмек ретінде азықтүлік, киім-кешек пен құрылыс материалдарынан бөлек 300 бас ұсақ мал үлестірілетін болады. Керуенді құру кезінде апаттан зардап шеккен Көкпекті ауылы тұрғындарының барлық қажеттіліктері зерттеліп, есепке алынған.

Бұл керуенді тасқынға ұшыраған елді мекенмен аттас Көкпекті ауданының әкімі Дүйсенғазы Мусиннің бастап бара жатқаны да тегін емес. Осыдан төрт жыл бұрын аталмыш аудан да тасқынмен бетпе-бет келіп, оның салдарын түкпір-түкпірден жеткен көмектің арқасында еңсергені ел есінде.

Халықты демеп, баспаналарын қалпына келтіру мақсатында шығысқазақстандықтар зардап шегушілерге 20 тонна ұн мен бидай, жарма, картоп пен күнбағыс майын, 300 бас ұсақ мал, 25 текше метр тақтай, 20 тонна цемент жеткізеді. 2,5 млн. теңгенің төсек жабдықтары (матрас, көрпе, жастық, жылы орамал) мен жуыну-жуу заттары да көкпектіліктерге көмек ретінде ұсынылмақ. Керуеншілер бұған қоса ақшалай екі млн. теңгенің көмегін табыстайды.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Көкпекті
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде