USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жаңа имамға тың міндет жүктелді

Жаңа имамға тың міндет жүктелді

ШҚО Үржар аудандық орталық мешітіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бұйрығымен жаңа бас имам тағайындалды. Бұдан былай бұл қызметті Нұрзат Қасымұлы атқаратын болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жаңа имамды таныстыруға байланысты ұйымдастырылған кездесуде оған бірқатар міндеттер жүктелді. Н.Қасымұлына биыл «Дін мен Дәстүр» жылы екендігі ескертіліп, аудан мешіттерінде бес уақыт азан айтып, діни оқуға шәкірт дайындау сияқты жұмыстарды үзбей, лайықты деңгейде жалғастыру керектігі айтылды. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2014 жылдан бастап үш негізгі бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беретінін айта кеткен абзал. Олардың ішінде дін мен дәстүрге қайшы көзқарас ұстанатын, қоғамға лаң салып, бүлік тудырып жүрген жат ағым өкілдерінің түпкілікті мақсатын халыққа түсіндіру, уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, жұртымызды ізгілікке, бірлік пен ынтымаққа шақыру, сондай-ақ, қайырымдылық іс-шараларын жиі өткізу, қамқорлық акцияларын ұйымдастыру сияқты бағыттар бар.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: мешіт имам
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде