USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Серебрянка зауытының жұмысын ширату талап етілді

Серебрянка зауытының жұмысын ширату талап етілді

Шығыс Қазақстан облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Серебрянка қаласындағы органикалық емес өнімдер зауытының мәселесін оң шешіп, жұмысын ширату жөнінде жиын өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Зауыт мәселесі бойынша жұмыс істеп жатқандарыңызға жылдан артық уақыт болды. Әлі толық шешімі табылған жоқ. Бұл мәселе «Казинжиниринг» өкілдерімен бірлесе отырып шешілуі керек, – деді аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев.

Бұл зауытта негізінен 420 адам жұмыс істеуі тиіс.

– Бүгінде зауытта 126 адам жұмыс істейді. зауыттың жағдайын тексеріп 9 комиссия келіп қайтты. Меморандум бойынша барлық мәселелер назарға алынды, қажетті құжаттарды тапсырдық, – деді жиында зырян ауданының әкімі Ермак Сәлімов. Сондай-ақ, зауытты толық іске қосу жөнінде Үкіметке хат жолданған көрінеді.

Қазіргі уақытта зауыт басшылығы қыркүйек айына дейін 186 млн. теңгенің тапсырысына «Қазцинк», «Қазақмыс», «ҮМз» зауыттарымен келісімшартқа қол қойыпты. Облыс Әкімінің тапсырмасына орай осы зауыттармен қатар, Төтенше жағдай, Қорғаныс, ішкі істер министрліктерімен де келісімшарт жасасу керек.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде