USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ауыл мектебінде сапалы білімге қол жеткізу семинары өтуде

Ауыл мектебінде сапалы білімге қол жеткізу семинары өтуде

ШҚО Глубокое ауданындағы Бобровка орта мектебінде «Ауыл мектебі жағдайында сапалы білімге қол жеткізу» атты тақырыпта өңіраралық семинар басталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында шағын жинақты мектептердің мәселесі кеңінен қарастырылған. Соған орай, Білім және ғылым министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары аясында қолға алған аталған семинарға Алматы, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары білім басқармаларының, сондай-ақ, министрлік пен Ы.Алтынсарин атындағы академияның өкілдері, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері және ауылдық мектептердің директорлары бар жиыны 150-ден астам адам қатысты.

Өңіраралық басқосуды ашқан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлбараш Маткаримова жиналғандарға Шығыстағы білім берудің барысын, жаңа технологияларды қолдана отырып, қолға алынған педагогикалық ізденістерді және оқушыларды жаңаша ойлауға тәрбиелеп келе жатқан сала озаттарының еңбегі жайында кеңінен әңгімелеп берді.

Семинарға жиналғандар сонымен қатар мектептің әр қабатында орналасқан Глубокое ауданы мектептерінің әдістемелік көрмесін, аудан орталығындағы балалар шығармашылығы үйінің қолданбалы өнер туындылафрын, аталған мектепте жұмыс істеп келе жатқан омарта шаруашылығы, балалар туризмі үйірмелерінің жұмысын тамашалап, сынып бөлмелерін аралап көрді.

Алқалы жиында әсіресе, Ұлттық білім академиясы шағын жинақты мектептерді дамыту орталығының бас маманы Хусна Төлеубаеваның сөзі негізділігімен ерекшеленгенін айтқан жөн. Одан әрі қарай педагогтар панорамалық сабақтарға қатысып, өзара пікір алмасты.

Бүгін өңіраралық семинар аталған аудандағы Уварово және Верх-Березовка орта мектептерінде өз жұмысын жалғастыруда.

Ғафура Сәрсенбайқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: сабақ
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде