USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Алтай тауларында қар барысы суретке түсірілді

Алтай тауларында қар барысы суретке түсірілді

Алтай тауларында қар барысы әлі де тіршілік етеді екен. Мұны Катонқарағай табиғи қорығының аумағында орнатылған фото және бейнебақылау камералары анықтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Snow Leopard Fund» қоғамдық қорының дирек-торы Олег Логиновтың айтуынша, ілбісті фотокамералар Таулы Алтайдың Чихачев жотасында, моңғол шекарасына таяу жерде түсірген.

– Фотоқақпандарға түскен әрбір хайуанды денесіндегі жолақтары арқылы ажыратып, олардың санын анықтауға болады. Катонқарағай қорығының инспекторлары қақпанмен жұмыс істеудің алғашқы семинарын өткізді. Жақында «Қарлы барыс өмірінің фотокезеңдері» атты байқауға да қатысады, – дейді О.Логинов.

Бұған дейін инспекторлар қар барысын тек іздері арқылы анықтап отырған. Енді арнайы сатып алынған 22 қондырғы жабайы аңдарды еш қиындықсыз бақылайды. Қор директорының айтуынша, мұндай камералар қар барысының жынысы мен жасын да анықтауға мүмкіндік береді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде