USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Волейбол ардагерлері арасында жарыс өтті

Волейбол ардагерлері арасында жарыс өтті

Елбасымыз жыл сайынғы өз Жолдауында Қазақстан халқының СӨС зор көңіл бөледі. Міне, Жолдау жолдарынан туындаған СӨС қалыптастыруға бағытталған игі істер Белағаш жерінде көптеп жүзеге асып жатыр. Соның жарқын айғағы сенбі күні өткен дәстүрлі волейбол ардагерлері арасындағы ЖК Бекетов атындағы жүлде жолындағы жарысқа Семейдің БТА банкісінің, Глубокое, Шемонайха және Бородулиха командалары қатысты. Жүлде жолындағы дәстүрлі жарыс Бородулиха аудандық БЖСМ кешенінде өтіп, оған спорттың осы түрін сүйетін жұртшылық көптеп қатысты.

Жарыстың өз шымылдығын көтерер сәтінде Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары А.Нұрғожин сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сағат 10-да басталып, өз мәресіне түскі 3-те біткен сайыстың финалында Глубокое мен Шемонайха командаларын сан соқтырып, мысы басқан Семейдің БТА банкісінің Бородулиха командалары бас түйістірді. Өз жерінде ойнаған командаға үйінің қабырғасы көмектеседі деген сөздің шындығын алаң иелері Бородулиха командасы 3 кезеңге соғылған тартысты ақтық сында Семейдің БТА банкісінің командасынан 2:1 есебімен басым түсіп, дәстүрлі волейбол ардагерлері арасындағы ЖК Бекетов атындағы жүлденің иегері атанды.

Волейбол ардагерлері арасында жарыс өтті

Жарыстың соңынан Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары А.Нұрғожин жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады. Осылайша, спорттың сиқырлы әлемінің тереңінен сүңгіткен тартыс өз мәресіне жетті.

Серік Әбілқасымұлы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: волейбол
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде