USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

Бұл жоба өнеркәсіп алпауыттары көп шоғырланған Өскемен қаласы үшін тартымды болып отыр. Оған Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ қызметкері Елена Блинаве жетекшілік етеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жылу электр орталықтары-нан шығатын түтін мен газдан атмосфераға орасан зиян келіп жатқанын екінің бірі біледі. Оның зардабын жою үшін қазандық мұнараларына түрлі сүзгілер орнатылған. Алайда, бұл сүзгілер ауаға шығатын түтінді мейлінше залалсыз етуге әлі де болса дәрменсіз. Аталмыш жоба осы дәрменсіздікті жоюға негізделген.

Мақсаты – инфрадыбыстың әсерімен түтінді газ ағынын тазартудың жүйелік-техника-лық кешенін әзірлеу. Жобаның нәтижесін тексеру мақсатында Согра жылу электр орталығында тәжірибе жасалған. Қазандықтан атмосфераға жол алған түтінді газ мұнарадағы сүзгіге жетпей тұрып инфрадыбыспен әрекетке түседі. Инфрадыбыстың әсерінен газ тозаңының бөлшектері екі есеге ұлғаяды. Соның нәтижесінде атмосфераға кедергісіз сырғып жүрген ұсақ бөлшектер сүзгіде кептеледі. Бұл технология әр өңірдің өндірістік ерекшелігіне бейімделе алады.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде