USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ересектер ағылшын тілін жетілдіруде

Ересектер ағылшын тілін жетілдіруде

Сәуір айының 2-ші жұлдызында Өскемен қаласы «Нұр Отан» партиясы ғимаратының мәжіліс залында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті филология факультеті, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы бірлесе отырып «Ағылшын тілін оқыту әдістемесі: теория мен практиканың әралуандығы» атты облыстық семинар өткізді.

Семинардың басты мақсаты ересектерге ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктерін анықтай отырып, оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін пайдалану арқылы оқыту процесін жақсарту болды. Аталмыш облыстық семинардың шымылдығын Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры Бақыт Кәрімқызы Ағажаева ашып жүргізді. Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен семинарға он бір ауданнан келген ағылшын тілінің білікті мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сабақтарын өткізді. Елбасымыздың үш тұғырлы тіл саясатын негізге ала отырып, шеберлік сабақтары арқылы ағылшын тіліне деген ересектердің қызығушылықтарын арттыра білді.

Ақерке Оралбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: ағылшын тілі
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде