USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ауру тарататын тышқандар анықталды

Ауру тарататын тышқандар анықталды

Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысының бірқатар елді мекендерінде листериоз деп аталатын қауіпті ауру тарататын тышқандар анықталған-ды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаменттің деректеріне сүйенсек, осыған дейін мұндай кеміргіштердің жиырмасы ғана ауланыпты.

Атап айтсақ, жұқпалы індетпен сырқаттанған тышқандар Өскемен қаласының, сондай-ақ, Күршім, Көкпекті, Тарбағатай, Зырян, Шемонайха, Үржар және Ұлан аудандарының аумағынан табылған.

Қауіпті ауруды жұқтырып алмау үшін, санитарлық қызмет мамандары азық-түлік өнімдері мен дайын тағамдарды кеміргіштер мен өзге де жан-жануарлар жете алмайтын орындарда сақтауға және ашық аспан астында саудаланған тауарларды алмауға кеңес береді.

Листериоз – жануарлармен қатар адамдарға да жұғатын инфекциялық ауру. Оған шалдыққан адамда дене қызуының көтеріліп, қалтырау, улану белгілері білінеді, бұлшық еттердің, сүйектердің, буындардың сырқырауы болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде