USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ауыл тұрғындарына кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік туды

Ауыл тұрғындарына кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік туды

Шығыс Қазақстан ауыл жұрты кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік туды. Экономикалық сарапшылардың пікірінше, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы еліміздегі ең тиімді жобаның бірі екендігін көрсетіп отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталмыш бағдарламаны жүзеге асырып отырған әкімшілік тұлғаның бірі – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы арқылы өткен жылы аудан тұрғындарына 600 млн. теңге несие берілген. Алты пайыздық жылдық үстеме өсіммен берілген несиеге 274 ауыл тұрғыны қол жеткізіп, түрлі кәсіп көзін ашып отыр.

Абай ауданы тұрғындарының көпшілігі несиені мал басын көбейтуге жұмсаса, Глубокое, Ұлан, Күршім, Катонқарағай аудандарының жұрты шағын несиеге балық өңдеу цехын, дүкен, дәмхана, шаштараз, өзге де қызмет көрсету орындарын ашқан. Былтыр қор филиалы арқылы тек бір ғана Катонқарағай ауданының халқы 80 млн. теңгеден астам несие алыпты.

Филиал директорының орынбасары Гүлнар Байшалованың айтуынша, кәсіпкерлікпен айналысам деуші ауыл жұртына арналып биыл республикалық бюджеттен екі есеге көп қаржы – 1,5 млрд. теңге бөлініп отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жұмыспен қамту-2020
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде