USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жол жөндеу жұмыстарына ШҚО бюджетінен 1,5 млрд теңге бөлінді

Жол жөндеу жұмыстарына ШҚО бюджетінен 1,5 млрд теңге бөлінді

Биыл Шығыс Қазақстанда облыстық маңыздағы 3186 шақырым жолдың тозған тұстарын жөндеуге облыстық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлініп отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бөлінген қаржының біразы Бородулиха (281млн. теңге) мен Күршім (264 млн. теңге) ауданындағы тозығы жеткен жолдарды жөндеуге жұмсалмақ. Бородулиха – Жезкент, Қалжыр – Теректі бағытындағы жолдар ағымдық және орта жөндеулерден өтіп, шұңқырлары жамап-жасқалмақ.

«ОблШығысЖол» КМК бас инженері Ерік Пшенов бородулихалықтарға көптен бері машақатын тартқызып келе жатқан Новопокровка – Петропавл – Зубайр – Байтанат – Ресей шекарасы жолдарына орта жөндеу жүргізіліп жатқандығын айтады.

Қазір «ОблШығысЖол» мекемесінің жол пайдалану бөлімшелері барлық аудандарда бар. Былтыр олардың бәрі жеке автокөліктермен қамтылып, ішінара керекті техника түрлерімен жабдықталған.

Жалпы, бүгінгі күні аймақтағы жолдардың 900 шақырымнан астамы күрделі жөндеуді қажет етіп отыр. Дегенмен, жол жағдайы осыдан төртбес жыл бұрынғысына қарағанда әлдеқайда жақсарып қалған көрінеді.

Жанаргүл мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жол жөндеу
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде