USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Арықтар арнасынан асып жатыр

Арықтар арнасынан асып жатыр

Күннің күрт жылынуынан және жердегі тоңның қалың қатуынан еріген қар суы топыраққа сіңбей, жылға-жылғамен ағып, үлкенді-кішілі бұлақтарға құюда. Соның салдарынан өзен-сулардың деңгейі көтерілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мәселен, Өскемен аумағындағы Бражий, Жуков, Маховка деген шағын өзендер арнасынан тасып, қаладағы «Буревестник-2» саяжайында, Д.Бедный, Рабочая, Заводская, Добролюбова Сафонов-Кокчетавская көшелерінде, Тәуелсіздік даңғылының Гагарин бульварымен қиылысында, Согра кентіндегі Скалисты, Дружинников көшелерінде жайылған.

Сондай-ақ, топан судың қаптауы Семей, Риддер қалаларында, Глубокое, Күршім, Катонқарағай аудандарында тіркелген.

Бүгінгі күні тасқынды ауыздықтау мақсатында жалпы саны 17 техника және Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД-нің жеке құрамынан 51 адам, жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық қызметтерден 33 техника мен 70 адам жұмылдырылған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: су тасқыны
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде