USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Инновациялық грантты қалай алуға болады?

Инновациялық грантты қалай алуға болады?

Өскеменде «Алтай» өңірлік техно-паркінде инновациялық гранттар ұсыну мәселелері бойынша көшпелі консультация өтті. Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің ұйымдастыруымен өткен шарада инновациялық гранттардың тоғыз түріне қалай қол жеткізуге болатыны айтылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Басты жаңалық – аталмыш гранттар бюджеттік жоспарлауға тәуелсіздігінде. Мәселен, бұған дейін кез келген жобаны қаржыландыру жылдық бюджеттің бекітілуіне тікелей тәуелді болып келсе, енді инновациялық жоба жыл бойы үзіліссіз қаржыландырылатын болады. Гранттар өзінің инновациялық жаңалығын іске асыруға мүмкіндігі жоқ идея авторларына бағытталып отыр. Инновациялық гранттардың көлемі жобаның маңызы мен ауқымына қарай 6 млн. теңгеден 150 млн. теңгеге дейін жетеді.

Бастапқы даму кезеңдегі жас кәсіпкерлер 50 млн. теңгеге дейінгі көлемдегі инновациялық грантқа ие бола алады. Ал технологияларды коммерцияландыру бағыты бойынша – 30 млн. теңгеге дейін, өндірістік зерттеулерді жүргізу бойынша – 30 млн. теңгеге дейін, шетелде не аймақтық меншік ұйымдарында меншіктеу бойынша – 6 млн. 250 мың теңгеге дейін грант бөлінеді. Іске қосылған кәсіпорындарда басқарушылық өндірістік технологияларды енгізу үшін – 15 млн. теңгеге дейін, шетелде инженерлік-техникалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін – 2 млн. теңгеге дейін, жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту үшін – 9 млн. теңгеге дейін, консалтингтік, жобалық және инжиниринг ұйымдарын тарту үшін – 35 млн. теңгеге дейін, технологияларды жасау үшін – 150 млн. теңгеге дейін грант беріледі.

Жыл сайын грантқа тапсырылатын өтініштердің саны артып отырғандығын атап өту керек. Мәселен, 2010-2013 жылдар аралығында 1300-ден астам өтініш қаралып, 210 жобаға 9,3 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінген. Қазіргі уақытта инновациялық гранттарға өтінімдер қабылдау жүріп жатыр.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: инновациялық даму
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде